Елордада «Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндама таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы» баяндамасы таныстырылды.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, бұл құжат Мемлекет басшысының, халықаралық және ұлттық сарапшылардың оң бағасын алып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылып шығарылды. Атап айтқанда, комиссия баяндамасында 2014 жылғы 1 қаңтардан 2015 жылғы 30 сәуірге дейінгі Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы талданған. Құжатта адам құқықтарын қорғау саласында заңнамаға талдау жасалған. Сонымен қатар онда өкілетті мемлекеттік органдардың қызметін бағалау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық, еңбек және мәдени құқықтарды жетілдірудегі нақты қадамдар ескерілген. Таныстырылымда сөз алған сарапшылар Адам құқықтары жөніндегі комиссия баяндамасының мазмұнына оң баға беріп, берілген ұсыныстардың іс жүзінде атқарылып жатқандығын атап өтті. Белгілі болғандай, 2015 жылдың бірінші тоқсанында Комиссия хатшылығы азаматтардың 200-ден астам хат түріндегі және 120 ауызша өтініштерін қарастырды. Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қатысуымен 100-ден астам Қазақстан азаматтарының құқықтары қорғалды.

Соңғы жаңалықтар