Елордада «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2014» халықаралық семинары өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 13-14 қарашада ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің (ҚР ЖҚЗ ҒЖ) алғашқы нәтижелеріне арналған «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2014» халықаралық семинары өтеді.

Елордада «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2014» халықаралық семинары өтеді

Бұл туралы Аэроғарыш комитеті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Семинарды ұйымдастырушылар - ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан экономикасының салалық міндеттерін шешу үшін ЖҚЗ ҒЖ қолдану бағдарламасын ұсынады. Сондай-ақ, алқалы жиында ҚР жоғары дәлдікті жерсеріктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін қолдану мүмкіндіктері талқыланбақ.

Семинарға тәжірибемен алмасу және ынтымақтастықты орнату мақсатында Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің оларды өңдеу құралдарының жетекші әлемдік өнім берушілерінің өкілдері, геоақпараттық жүйелер және ЖҚЗ деректерінің әзірлеушілері мен тұтынушылары шақырылып отыр. «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2014» халықаралық семинарының жұмысына екі жүзден астам қазақстандық және шетелдік мамандардың қатысуы жоспарлануда.

2013 жылы сәуір айында өткен «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2014» алғашқы халықаралық семинары елімізде дәстүрлі түрде өтетін ғарыш технологияларының халықаралық форумының бастамасы болды.

Осы жылы ұйымдастырушылар "Қазақстандағы ғарыш күндері - 2014" халықаралық семинардың шеңберін кеңейтті: қатысушылар мынадай тақырыптарда баяндамалармен шығады: "ЖҚЗ саласындағы алдыңғы қатарлы жүйелер мен технологиялық шешімдер", "Геоақпараттық жүйелер саласындағы алдыңғы қатарлы жүйелер мен технологиялық шешімдер", "Жерсеріктік навигация саласындағы алдыңғы қатарлы жүйелер мен технологиялық шешімдер".

«Қазақстандағы ғарыш күндері - 2014» халықаралық семинарына ҚР Үкіметі, өзге мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының Қазақстанның ғарыш қызметі бойынша әріптестерінің қатысуы көзделіп отыр.