Елордада Қазақстандағы құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы жетілдіру жөнінде конференция өтті

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Елордада «2010 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы жетілдіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Елордада  Қазақстандағы құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында заңнаманы жетілдіру жөнінде конференция өтті

Тұжырымдамада белгіленген мәселелерді іске асыру тұрғысындағы отандық құқықтық жүйені 2020 жылға дейін дамытудың проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстарды әзірлеу, ұлттық заңнаманы сәйкестендіру және біріздендіру аясындағы халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланыстарды кеңейту мақсатында өткізілген алқалы жиынға Парламент депутаттары, отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік органдардың, заңгерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.

Конференция теориялық, азаматтық, қылмыстық, және халықаралық құқықтық проблемаларға сай 4 секция бойынша өтті. Қорытындысында интелектуалдық меншік құқығын анықтайтын әрі бұл саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, бірақ ұлттық мүддені есепке ала отырып нормативтік құқықтық актілерді біріздендіруге баса назар аудару, адам құқығы мен бостандығы саласындағы ел заңнамасын жетілдіру және оны халықаралық ұстанымдар мен құқықтарға сәйкестендіру, заңнамалық қызмет барысында халықаралық және еуропалық құқық нормасын қолдану сынды бірқатар ұсыныстар әзірленді.