Елордада қазақстандық IT-компаниялардың көрмесі өтті
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада алғашқы рет қазақстандық IT-компаниялардың көрмесі өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шараға қазақстандық IT-компанияларының қауымдастығына мүше компаниялар қатысты. Көрмеде ақпараттық қамсыздандыру, интернет жобалар қызметі, ақпараттық қор құрылымдары сияқты қызметтер мен өнімдер ұсынылды. Көрменің басты мақсаты ? бизнес өкілдеріне Қазақстандағы ақпараттық технологиялар саласындағы компаниялардың жобаларымен, қызметтерімен таныстыру. Сондай-ақ бұл бағыттағы салада қазақстандық мөлшерді арттыру.«Бұл көрме IT саласындағы жобаларда қазақстандық мөлшерді арттыруды көздейді. Бұнда кәсіпкерлер өз елімізде шығатын сапалы өнімдермен таныса алады. Іскерлік қарым-қатынас жасасуға үлкен мүмкіндік бар», -деді қазақстандық IT-компаниялары қауымдастығының президенті Нұрлан Исин.«Ақпараттық-технологиялық сала қарқынды даму үстінде. Елімізде аталмыш сала отандық компаниялардың көмегімен бұдан да елеулі белестерге көтеріледі деген сенімдемін», деп атап көрсетті ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев.