13:24, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
Елордада қазақстандық қоғамды ұйыстыру мәселелері талқылануда
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтық қоғамды ұйымдастырушы инсититут» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұйымның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс жоспары бойынша өтіп жатқан конференцияға Түркия, Ресей және Қазақстан ғалымдары, елшілік өкілдері, халықаралық сарапшылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысуда. Ғылыми мәжілістің басты мақсаты ? еліміздегі этносаралық қатынастың өзекті мәселелерін талдау, қазақстандық қоғамды ұйыстыру жолында ғылыми қауымдастық пен этномәдени бірлестіктердің байланыстарын нығайту.
«Бүгінгі конференция Қазақстан халқының этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен болашағын айқындап, ұлттық саясаттың даму бағыттарына тың серпін береді деп сенеміз», - деді іс-шараның ашылу рәсімінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.