21:49, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елордада қазақстандық танымал суретшінің көрмесі ашылды
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақстандық танымал суретші, ұлттық гобелен өнерінің шебері Батырбек Өтептің «Өмір өрнектері» көрмесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Б.Өтеп ? қолданбалы өнердің осы түрінің ұлттық бағыттарының негізін салушылардың бірі. Оның шығармашылық ізденістері, көпғасырлық дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, мәдени мұраға деген сүйіспеншілігі гобелен өнерінде өзіндік өрнегін табуына көмектесті. Оның жұмыстары ? терең философиясымен, ұлттық бояуымен ерекшеленеді. Ол өзінің артына 60 картина нобайын қалдырды. Оның бәрін ретке келіп жинастыруда жұбайы Бибайша көп еңбек етті», - деді көрменің ашылуында Ұлттық академиялық кітапхананың халықаралық көрмелер орталығының жетекшісі Сара Әлібаева. Көрмеге суретшінің жеті және жұбайы Бибайша Өтепованың 18 жұмысы қойылды. Олардың тақырыптары сан алуан, олардың арасында ұлттық дәстүрлер сарыны, жыл мезгілдерііне арналған шығармалар басым. Батырбек Өтеп Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы Жиенбай ауылында дүниеге келген. Львов мемлекеттік қолданбалы өнер институтын бітірген. 1974 жылы КСРО Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданды. 1992 жылы өмірден өтті.