Елордада қазақтың бас ақынын еске алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 тамызда Астанада Абай Құнанбаев ескерткіші жанында «Абай оқулары» өтеді. Елорда тұрғындары ескерткішке гүл қойып, ақын шығармаларынан үзінділер оқиды, деп хабарлады astana.kz.
Еске сала кетейік, өткен жылы қаңтар айында ұлы ақынның «Қара сөздері» мобильдік аудио нұсқада жарық көрген болатын. Мәтінді: Әнуар Нұрпейісов, Асылхан Төлепов, Нұртас Адамбаев, Аружан Жазылбекова, Жұлдыз Сапарғалиева сынды танымал жас әртістер оқыды.