14:30, 08 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Елордада қазақтың ұлттық нақышына негізделген балалар тауарларының орталығы ашылды
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық нақышына негізделген балалар тауарларының «Ақ-Бота» сауда, ойын-сауық орталығы ашылды.

Атап айтқанда, жеткіншектерге арналған бұл орталықта балаларға арналған дәмхана, төл үлгіде безендірілген арнайы бөлмелер жасақталған.
«Осында қазақтың ұлттық жобалары тұрғысында негізге алынған бастамалар көп. Яғни, ойыншықтар мен бұйымдарда, киім-кешектерде ұлттық нақышты байқауға болады. Барлық ойыншықтар мен киімдер тек Қазақстан үшін арнайы жасалды. Бұл жобаны жүзеге асырудан бұрын біз қазақтың болмыс-бітімін зерттеп, әр ою-өрнектің мағынасына ерекше мән бердік»,-деді орталық директоры Елена Хамхоева.
Сатылымға қойылған қуыршақтардың үлгісі мен басқа да ойыншықтар қолданбалы өнер шығармашылығына негізделіп жасалынған. Арнайы тапсырыспен шетелде дайындалған қуыршақтарға Әсел, Әділ және Назерке атты есімдер берілді.