Елордада қазба жұмыстары барысында бүлінген сумен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Елордада қазба жұмыстары барысында бүлінген сумен жабдықтау жүйесі қалпына келтірілді,
None
None

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 28-і күні «Алсин-Аларко» ЖШС-нің Құтпанов көшесінде орналасқан № 4 үйге қарсы аумақта өндірістік қазба жұмыстары барысында диаметрі 100 миллиметрлік құбыр жарылған болатын. Оқиға салдарынан аталған үйдің тұрғындары сусыз қалды.

Төтенше жағдайдың алдын алуға «Астана су арнасы» МКК-нің 10 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар