Елордада «Қазэнерджи» қауымдастығының Білім және кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті
ТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Астанада «Қазэнерджи» қауымдастығының Білім және кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Қазақстанды инновациялық дамыту мәселесі талқыға салынды. «Қазэнерджи» қауымдастығының Білім және кадрларды дайындау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Асан Нұғмановтың айтуынша, елімізде кадр мәселесі әлі күнге өзекті күйінде алып отыр. «Оның үстіне бізде қазір кімді, қалай және неге оқыту керек деген мәселе төңірегіндегі мәліметтер жеткілікті емес. Сондықтан бізге қазір еңбек нарығындағы жағдайды жіті зерттеудің маңызы зор. Бізге қазір елімізге қандай мамандық, оның қаншама керектігі жайлы нақты мәлімет дайындау қажет. Сонымен қатар субмердігерлермен жұмысты жетілдірген жөн. Өйткені қандай да бір мамандыққа деген сұраныс мәселесін осы мердігерлермен шешкен дұрыс»,- деді төраға.
Отырыс барысында «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры Жанар Байжұманова энергетика секторындағы қазақстандық көшбасшыларды дамытуға бағытталған бағдарламамен таныстырды.