Елордада «Қазіргі Қазақстандағы жастар және дін» атты жиын өтеді
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласының ішкі саясат басқармасы, «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қоры» және «Пирамида» діндерді зерттеу клубы 9 қарашада Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Қазіргі Қазақстандағы жастар және дін» атты дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - дін саласы бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты жастар арасында түсіндіру, жастарға діни экстремизмнің мәнісін ұқтыру және өскелең ұрпақ - жастарымыздың экстремистік ағымдарға түсіп кетпеуі, оның алдын алу бағытында құқықтық түсіндіру, осы салада түйінді мәселелерді шешу жолдарын ұсыну, сонымен қатар, жас дінтанушы студенттерді қоғамдық жұмыстарға тарту болып табылады.
Дөңгелек үстелдің жұмысына мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың, «Нұр Отан» ХДП өкілдері және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің басшылары мен БАҚ қатысады.