Елордада кеден органдарының фискалдық қызметін жетілдіру тақырыбында семинар-кеңес өтеді
АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - 20-21 қазан күндері ҚР Кедендік бақылау комитеті Кедендік кірістер басқармасының «Қазақстан Республикасы кеден органдарының фискалдық қызметін жетілдіру» тақырыбындағы семинар-жиналысы өткізіледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Семинар барысында Кеден одағының жұмыс істеуі аясында тарифтерді реттеу және салық салу, кедендік төлемдер мен салықтардан босату тәртібі, кейінге қалдырып төлеудің шарттары мен тәртібі, сондай-ақ кейбір тауарларды сыныптау және кедендік құнға бақылау мәселелеріне қатысты нормативтік база мен құқық қолдану тәжірибесіндегі өзгерістер туралы мәселелер көтеріледі.
Негізгі мәселелердің бірі ретінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша қарыздарды өндіріп алу және есептеп шығару мәселелері қаралатын болады.
«Қазынашылық және Салық комитеттерінің қызметкерлері бюджетке төленген кедендік төлемдер мен салықтарды растайтын бюджеттік сыныптау коды бойынша түсімдердің күн сайынғы есеп нысандарын кеден органдарына тапсыру бойынша проблемалық мәселелер мен оны шешу жолдары туралы, сондай-ақ импортталатын тауарлардан алынатын қосылған құн салығын есепке алу әдісімен төлеу және сол тауарларды одан кейін пайдалану шарттары, импортталған тауарлардың қосылған құн салығын төлеудің мерзімін өзгерту мәселелерін жария етеді», - делінген хабарламада.