Елордада кеден саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

қпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінде кеден саласындағы мәселелерге байланысты дөңгелек үстел өтті,

Елордада кеден саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шараға кәсіпкерлер, брокерлік компания өкілдері, кеден саласында сыртқы экономикалық қызметпен айналысатындар, қоғамдық ұйымның, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП филиалының өкілдері қатысты. Жиын барысында кедендік бақылау мен рәсімдеу шараларын жеңілдету, сыртқы экономикалық қызметтің дамуы және оған қолайлы жағдай жасау, сонымен бірге Кедендік одақтың құрылуына байланысты мәселелер талқыланды.

Айта кетейік, 2009 жылы Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментімен мемлекет бюджетіне 45 млрд. 626,6 млн. теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар аударылған.