Елордада Кенесары көшесі 2 аптаға жабылады

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - МТ4 жылу магистралінің жаңғыртылуына байланысты 3 тамыз күні сағат 23:00-ден бастап Кенесары көшесінің Бейбітшілік көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралығы жабылады.

Елордада Кенесары көшесі 2 аптаға жабылады

Жол қатынасы жөндеу жұмыстары аяталғаннан кейін 19 тамыз күні ашылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Аталған учаскеге қызмет көрсететін №1, 9, 17, 18, 23, 25, 31, 32, 37, 47, 112 маршруттары Кенесары көшесі - Республика даңғылы - Абай - Желтоқсан - Кенесары көшелері арқылы қозғалып, ары қарай бұрынғы сызба бойынша жалғасады. Кері бағыттағы жол қатынасы да дәл осылай өрбиді.