Елордада кешкі мектеп директоры жұмыс істемейтін туыстарына 4 млн. теңге жалақы аударған

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланатын тұлғалар мемлекетке миллиондаған сома көлемінде зиян келтіреді.
None
None

Елордада осындай 5 қылмыс анықталды. Бұл ақпаратты Астана қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі таратып отыр.  

Ведомствоның хабаралуынша, іс жүзінде жұмыс істемейтін, бірақ мектеп штатында тіркелген туған-туыстары мен мұғалімдерге жалақы есептеу арқылы 4 млн. теңге жымқырған Астана қаласының  кешкі мектеп директоры Ысқақоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мәселен, 2007-2008 жылдар аралығында мектеп директорының орынбасары қызметінде Ысқақованың жұбайы, ал ол жұмыстан босатылғаннан кейін 2008 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін бұл қызметте Ысқақованың ұлы сырттай атқарған. 2008-2009 жылдары аралығында мектептің іс жүргізушісі қызметінде оның қызы болған. Дәл осылай, яғни нақты жұмыс істемейтін 5 оқытушыға еңбек ақы төленген.

Ақша қаражаттарының бір бөлігі жалған жұмыс істейтін тұлғалардың есеп шоттарына аударылып, Ысқақова өзі алып отырған. Ал басқа бөлігі нақты жұмыс істейтін мұғалімдердің  есеп шоттарына түсіп, мектеп директорына берілген.

Соңғы жаңалықтар