Елордада кейбір көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 25 мамырдан 15 маусымға дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылады.
Атап айтқанда, Оқжетпес көшесі К.Байсейітова көшесінен Герцен көшесіне дейін; Дулатов көшесі Герцен көшесінен Көктал көшесіне дейін. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Көлік және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.
Айта кетейік, жөндеу жұмыстары кезінде қалалық қоғамдық көлік қозғалысы төмендегідей өзгертіледі: 12 бағыт: К. Байсейітова көшесі Фахд бен Абдул Азиз көшесі Ақан Сері көшесі Қарталы көшесі Карбышев көшесі Герцен көшесі №19 мектеп Дулатов көшесімен (уақытша соңғы аялдама), автобус осы кесте бойынша қайтады;
№ 16, 42 бағыттар: Герцен көшесі №19 мектеп Дулатов көшесімен (уақытша соңғы аялдама), автобус осы кесте бойынша қайтады;
№5 бағыт: Герцен көшесі Карбышев көшесі Қарталы көшесі Ақан Сері көшесі Фахд бен Абдул Азиз көшесі К.Байсейітова көшесі одан әрі бұрынғы кестемен жүреді;
№ 109 бағыт: «Ет комбинаты» бастапқы пунктінен Герцен көшесіне дейін өзгеріссіз, одан әрі Карбышев көшесі Қарталы көшесі Ақан Сері көшесі Фахд бен Абдул Азиз көшесі Ш.Бейсекова көшесі одан әрі бұрынғы кестемен жүреді.
Осыған байланысты жол-құрылыс жұмыстары кезінде аталған көшелерде қажетті ескерту және тыйым салу белгілері орнатылады.