Елордада ҚХА мүшелері марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық филиалының мүшелерін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен және ҚХА-ның «Бірлік» алтын медалімен марапаттау рәсімі өтті. Наградаларды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыс етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елордада ҚХА мүшелері марапатталды

«Біздің республика тәуелсіздіктің 25 жылдығын толағай табыстармен қарсы алып отыр. Ассамблеяның құрамында сіздер осы мерекеге елеулі үлес қостыңыздар. Қызметтеріңізге мың алғыс. Әрбіріңіз  бірегей тұлғасыз», - деп атап көрсетті Ермек Аманшаев этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне арнаған сөзінде.

null  

Бұл күні қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің нығаюына елеулі үлес қосып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жолындағы еңбегі үшін 15 адам, соның ішінде үш жетекші ҚХА-ның «Бірлік» медалімен марапатталды.

null  

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Ақордада марапатталғандардың ішінде елордалық «Таң» татар-башқұрт ҰМО төрағасы Рафик Валиев болғанын атап көрсету керек. Ел Президенті оған ІІ дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. «Вайнах» шешен-ингуш ҰМО жетекшісі Салман Героев «Құрмет» орденімен марапатталса, Астана қ. «Оберег» украиндар қоғамы» ҚБ төрайымы Тамара Ширмерге медалі табыс етілді.

null