Елордада кішкентай бала үрлемелі бассейнде суға тұншығып қалған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екі жасар бала ауладағы үрлемелі бассейнде суға тұншығып қалған. Қазір баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада кішкентай бала үрлемелі бассейнде суға тұншығып қалған

9 шілдеде «112 «шұғыл қызметіне« 103 « қызметінен № 2 қалалық балалар ауруханасына жансақтау бөліміне 2018 жылы туған бала жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Ата-анасының айтуы бойынша, бала жеке үйінің ауласындағы үрлемелі бассейнінде ойнап отырған. Баланы сәл ған уақытқа қалдырып кеткен, қайтып оралса, бала ес-түссіз күйде жатқан. Жедел жәрдем шақырғаннан кейін бала дереу ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер қазір баланың жағдайын ауыр деп бағалауда.