Елордада қоғамдық көлік ақысын төлемеген жолаушыларға 16 млн теңге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік ақысын төлемеген жолаушылар жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада қоғамдық көлік ақысын төлемеген жолаушыларға 16 млн теңге айыппұл салынды

«2020 жылдың қорытындысы бойынша Көлікті бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 207 мыңнан астам фактісін анықтады. Оның ішінде 3 мыңға жуық азамат жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам әкімшілік жауапқа тартылды», - деді CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің баспасөз хатшысы Оксана Лоскутова.

Оның айтуынша, елордады қоғамдық көліктерде рейд күнде жүргізіледі.