Елордада қоғамдық көлік карталарын толықтыру тәсілдері жанданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік карталарын толықтыру тәсілдері қайтадан қолжетімді болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Астанадағы қоғамдық көлік қозғалысына жауапты «Cts» компаниясы RTVM-автоматтар, кассалар мен қашықтықтан толықтыру сервистері (Transcard, Kaspi.kz, Qiwi, Kassa24 және тағы басқа) қайтадан жұмыс істей бастағанын хабарлайды.

Бүгін келесі кассалардың жұмысы жанданды:

• Орталық касса – Қошқарбаев, 50/1, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін;

• Теміржол вокзалы – Гете 1, сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін;

• «Өркен» БО – Бейбітшілік, 25, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;

• «Гранд Астана» ТҮК – Нәжімеденов, 10/1, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін;

• Цирк – Қабанбай батыр, 5, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін;

• «Айтолқын» ТҮК – Мүсрепов, 4/1, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін;

• «Ақжайық» ТҮК – Мәңгілік Ел, 19/2, сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Сонымен қатар «АзияПарк» ССО және «Астаналық» СҮ (Артем) орналасқан RTVM-автоматтардан басқасы барлығы қолжетімді. RTVM-автоматтардың мекен-жайын сайтынан таба аласыздар.

Еске сала кетсек кеше Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен 12 мамырдан бастап қоғамдық көлік қашан жұмысын бастайтынын хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар