Елордада көктайғақ: Ресей Елшілігінің шлагбаумына көлік соғылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада көктайғақ салдарынан Ресей Елшілігі ғимараты алдындағы шлагбаумға көлік соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін «Лада Ларгус» көлігін жүргізіп келе жатқан 22 жастағы жүргізуші көктайғақ салдарынан рульге ие бола алмай қалып, машина оңға қарай сырғып кеткен. Жол оқиғасы салдарынан көлік Ресей Елшілігінің шлагбаумын соғып, майыстырған. Зардап шеккендер жоқ», - деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, көлік жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-тармағымен әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.
Айта кетейік, осы айдың басынан бері елорда аумағында 14 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 адам зардап шекті.