Елордада көлік басқарып келе жатып ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 85 жүргізуші айыппұл төледі - ЖПБ

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері елордада көлік басқарып келе жатып ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 85 жүргізуші айыппұл төледі,

Елордада көлік басқарып келе жатып ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 85 жүргізуші айыппұл төледі - ЖПБ

деп хабарлады Астана қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Жол полициясы қызметкерлерінің назарына жол ережесін түрлі дәрежеде бұзған 1042 жүргізуші ілікті. Атап айтқанда, 22 азамат көлікті мас күйінде басқарғаны үшін, ал 128 жүргізуші белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырғаны үшін ұсталды. Сонымен қатар 6 жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін, 14 жүргізуші көлікті құжатсыз басқарғаны үшін, ал тағы 85-і көлік басқарып келе жатып ұялы телефонды пайданғаны үшін айыппұл төледі. 22 автокөлік айып тұрағына қойылды.