Елордада көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат - Кеше елордада көлік апатына ұшыраған жаяу жүргінші  оқиға орнында мерт болды,

Елордада көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында  көз жұмды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыарқа және Герцен, Оқжетпес көшелерінің қиылысында «Форд» көлігі 1966 жылы туған әйелді қағып кеткен.

 Осындай оқиға Алматы облысында да орын алды. Еңбекшіқазақ ауданындағы Алматы - Көкпек - Көктал күрежолының бойында кетіп бара жатқан 1929 жылы туған қарт әйелді Тойота автокөлігі басып кетті. Кейуана оқиға орнында жан тапсырды.