Елордада көлікті мас күйінде жүргізген әйел ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада полицейлер көлікті мас күйінде басқарған әйел адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полицейлер түнгі уақытта «Шевроле Круз» маркалы көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде 34 жастағы әйел адамның алкогольдік ішімдікке масайған байқаған. Жүргізуші сот қаулысымен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 8 жылға көлік басқару куәлігінен айырылды», - делінген полиция департаменті мәліметінде.
Айта кетейік, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы елордада жол жүру ережесін бұзудың 6,5 мыңға тарта фактісі анықталды. Оның ішінде қоғамдық көліктің 61 жүргізушісі ереже бұзған, 220 адам көлікті басқару кезінде телефонмен сөйлескен, 629 адам қаупсіздік белдігін тақпаған. Сондай-ақ көлікке мас күйінде отырған 65 жүргізуші ұсталды.
Жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында, 8-17 қараша аралығында қала аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.