Елордада көліктердің өртенуі көбейген
Жыл басынан бері Астана аумағында 445 өрт тіркелді. Бұл туралы елордадағы коммуникациялар қызметіндегі өрт қауіпсіздігі мәселесіне арналған брифингіде мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жеке тұрғын үйлерде газ қондырғыларына балаларды жақындатпау маңызды. Сонымен қатар, газ пештерінің қауіпсіздігіне назар аудару керек. Атап айтқанда, елорда аумағында газ қондырғыларын тексере алатын 45 мекеме бар. Бұл тұрғыда қала тұрғындары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалынынан тиісті консультация алса болады», - деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ержан Балабеков елордадағы коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Аталған компания мамандары газ жабдықтарын пайдаланудың қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан жарылыс немесе өрт болып жатса, онда газ қондырғыларының иелері заң бойынша жауапқа тартылатынын айтты.
Сондықтан тұрғындар мұндай жабдықтарды пайдалану кезінде газдан ажырату автоматикасы бар арнайы құралдарды орнатуы керек. Пәтерде газдың иісі сезілсе, жедел түрде барлық газ крандарын жауып, бөлмені желдетіп, электр құралдарын пайдаланбаған жөн.