Елордада колледжге оқуға ниет танытқандардан құжат қабылдау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колледжге оқуға түсушілер үшін Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.
None
None

Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасынан хабарлады.

Құжаттарды қабылдау 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 130 «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Колледжге оқуға түсуге ниет білдірген тұлғалардан өтініштер:

- 20 маусым мен 20 тамыз аралығында оқудың күндізгі нысанына;

- 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында оқудың кешкі және сырттай нысанына;

- 20 маусым мен 20 шілде аралығында өнер және мәдениет мамандықтары бойынша қабылданады.

Оқуға түсушілер мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдері) арналған оқу орнының қызметі мен ондағы мамандықтар туралы ақпарат колледждердің ресми сайтында және оқу орнындағы қабылдау комиссиясының ақпараттық стендтерінде орналасқан.

Күндізгі оқу бөліміне қабылдаудың нәтижелері туралы қорытынды ақпаратты 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу бөліміне 30 қыркүйекке  дейін білуге болады. Мәлімет ұйымның ақпараттық стендтерінде орналастырылады.

Соңғы жаңалықтар