Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынған жаңа тұрғын үй кешені тапсырылды

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астананың оң жағалауында «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған көп пәтерлі тұрғын үйді салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынған жаңа тұрғын үй кешені тапсырылды

«9 қабатты 99 пәтерлік тұрғын үй Шәкәрім Құдайбердіұлы к-сі 25/4 мекенжайында орналасқан. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, баспана адамдарды қоныстандыруға дайын.

«Үйдің тұрғындары шаршы метрлерді мұқият тексеріп, үйдің сыртқы және ішкі өңдеулерінен бірде-бір кемшілік таппағандарын айтты»,- дейді банктегілер. Айта кетейік, бұл «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайдалануға берілген үшінші нысан», - делінген ақпаратта.