Елордада коммуналдық қызмет үшін түбіртекті онлайн алуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коммуналдық қызметтер үшін түбіртектің электрондық нұсқасын алуға болады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада коммуналдық қызмет үшін түбіртекті онлайн алуға болады

«Кейде сіз кіреберістің пошта жәшігінен коммуналдық қызметтер үшін түбіртекті таба алмайсыз. Енді оның электрондық нұсқасын алу оңай - @iQalakz_bot Telegram-ботқа хабарласыңыз. Сізге «бірыңғай төлем құжатын алу» батырмасын таңдап, жеке шот нөмірін көрсету жеткілікті. Бірнеше секунд ішінде түбіртек сізге сол терезеде келеді», - деп жазды әкім орынбасары.

Осы орайда ол қазіргі кезде орталықтың 131 қызметін онлайн режимінде iqala.kz сайтында «қызметтер тізімі» бөлімінен алуға болады.

«www.iqala.kz порталы арқылы қажетті анықтамаларды, мәліметтерді және түбіртектерді алыңыз», - деп нақтылады М. Бектұрова.