Елордада коммуналдық қызметтер көшелерді су басуына байланысты күшейтілген режимге көшті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі кезде нөсер салдары жойылып жатыр. Елорда көшелеріне 90 мамандандырылған техника, соның ішінде «Есіл» ауданы бойынша - 40, «Алматы» ауданында - 27, «Сарыарқа» ауданында - 19 машина тартылды. Мұнымен қоса, су сору жұмыстарына екі жылжымалы сорғы станциясы жұмылдырылды.
None
None

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Коммуналдық қызметтердің қызметкерлерінің айтуынша, тағы да жаңбыр жаумаса, нөсер салдары бір жарым сағаттың ішінде жойылады.

Қала тұрғындарынан жолдарда жүргізіліп жатқан жұмыстарға орай шыдамдылық танытуды сұраймыз.

Соңғы жаңалықтар