Елордада композитор Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына орай «Бiржан-Сара» операсы көрсетіледі

Операның жаңа музыкалық редакциясының авторы - Абзал Мұхитдинов. Басты партияларды орындайтындар - опера сахнасының жұлдыздары Қазақстан және Татарстан Республикаларының Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Ахмет Ағади. Алтынайдың рөлінде белгілі опера әншісі Жаннат Бақтай, Естайдың партиясын Бейімбет Таңарықов орындайды.
Қоюшы режиссер Юрий Александров көрермен назарына «Бiржан-Сара» операсының финалы өзгертілген жаңа қойылымды ұсынады. Онда фольклорлық сарын екінші орынға қалып, операны адам сезімі билейді, сезім - бүгінгі заман адамына барынша таныс қасиеттер. Қоюшы режиссердің алға қойған басты міндеті - операны бүгінгі жас буынға түсінікті етіп, бірінші кезекте, көрерменге жеке бас драмасы мен мәңгілік махаббат идеясын жеткізу.
«Музыкалық театрда мен кісі өлімін мүлдем мойындамаймын, менің ойымша бұл жерде басқа өлім, сол себепті кісі өлімі өмірде, театр сыртында қала берсін. Біз қойылым соңын өзгертіп, Біржанды өмірге әкелеміз, себебі өнерді өлтіруге болмайды деп есептеймін. Біз бір өзгеріс енгіздік: екінші акт кезіндегі Біржан мен Сараның бір-біріне ғашық екені анықталатын дуэтті соңына қойдық», - дейді Юний Александров.