Елордада көне зергерлік бұйымдар көрмесі ашылды
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанадағы Тәуелсіздік сарайының «Қолданбалы өнер және этнография» галереясында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші-зергер Берік Әлібайдың «Киелі өнер қолтаңбасы» атты жеке көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты.
Көрмеге XII-ХХ ғасыр аралығындағы қолөнер бұйымдарының көптеген көне үлгі-нұсқалары, атап айтқанда, жез бен мыстан жасалған зергерлік бұйымдар, ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары көрмеден орын алған. Сондай-ақ, мұнда қыз-келіншектер мен ерлерге арналған ұлттық киімдер де табылады. Ал, этнографиялық қазынамызды осы күнге әкеліп, атадан балаға мирас етіп келе жатқан Берік Әлібай бүгінде өз білгенін шәкірттеріне үйретуде. Бүгінде оның еңбектері елімізде ғана емес, Жапония, Иран, Ресей, Түркия сынды шет мемлекеттерге де кеңінен танымал.