Елордада көңілділер мен тапқырлар клубының сайысы өтеді

АСТАНА. Желтоқсанның 19-ы. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 22-інде елорданың Конгресс-Холл сарайында көңілділер мен тапқырлар клубының республикалық арнайы жобасы өтеді,

Елордада көңілділер мен тапқырлар клубының сайысы өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан КТК одағы ұйымдастыратын сайысқа еліміздің 30-ға жуық командалары қатыспақ. Олардың қатарында «Көз тимесін», «Аграрка сарбаздары», «Ұлдар емес», «Қызықорда», «Шымқала», «Тарландар», «Сөз тимесін», «Күлтегін», «Еркетай», «Жигули», «Бауырсақтар» сынды топтар бар.