Елордада Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті

АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімдігінде Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті,

Елордада Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуға Халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары, ҮЕҰ-дың өкілдері мен қалалық мектептердің директорлары қатысты.

«Қазақстан Негізгі заңының арқасында үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Біз саяси тұрақты мемлекет болдық, экономикамызды көтеріп, біздің азаматтық құқықтармызды қорғай алдық. Дегенмен, мемлекет пен біздің алдымызда әлі де көп міндеттер тұр. Конституцияны құрметтеу керек», - деді «Алматы» ауданының әкімі Сапар Ахметов.

Сонымен бірге, дөңгелек үстел басында «Алматы» ауданының прокуроры Тілеу Жанғарашев баяндама жасады. «Конституцияны қатаң сақтау - мемлекеттің дамуының және қоғамда азаматтық келісімді қамтамасыз етудің негізі. Конституциялық нормалармен өмір сүру және әрекет ету - демократияның жоғары мектебі», - деді ол.