Елордада Конституцияның 25 жылдығына орай қандай іс-шаралар өтеді
Елорда әкімдігінің сайтына жариялаған мәліметке қарағанда, Конституциясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Атап айтқанда, 10-29 тамызда «Конституция бостандықтың кепілі» ән челленджі басталады.
14 тамыз күні Әл-Фараби атындағы оқу-тәрбие орталығы ашылады.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 15-31 тамыз аралығында иллюстрациялық кітап – онлайн-инсталляция ұсынады.
Ал, 25 тамызда «Мен өз құқығымды білемін» атты балалар сурет байқауы өтеді.
26 тамызда Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «Ата заңым – ардағым» ақындар байқауы ұйымдастырылса,
Қалалық Мемлекеттік архиві 27 тамыз-4 қыркүйек аралығында Конституцияның 25 жылдығына арналған көрме өткізеді.
28 тамыз күні «Наз» мемлекеттік би театры «Ата заң - елдің айбыны, еркіндігі, байлығы» атты онлайн концерт қояды.
Сондай-ақ 28 тамызда «халық доп» бойынша «Елордалық балалар – спорттық ауысым» атты чемпионат өтеді. 29-30 тамызда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған ЭМБ қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.
«Жастар театры» 30 тамыз күні әлеуметтік желі арқылы «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты онлайн-концерт тарту етеді. Дәл сол күні «Nomad» театры актерлері патриоттық әндермен онлайн құттықтау жолдайды.
30 тамызда елордалық филармония әртістері Астана концерт залында
Конституция күніне арналған концерт өткізеді.
Сондай-ақ, Конституцияның 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізу,«Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан халқының Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен қоғам белсенділерін марапаттау жоспарланып отыр.