Елордада контейнер жарылысының алдын ала себебі анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Таяуда елорданың ескі вокзалында контейнер жарылған еді. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

— Контейнер жарылды, ол Еуродақ елінен жеткізілді. Қателеспесем, дизель генераторы жарылған. Бастысы ешкім зардап шекпеді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деді Көлік министрінің орынбасары Талғат Ластаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ вице-министр тергеу амалдарының бір айға созылатынын айтты.
Еске салайық, 14 ақпанда Астана вокзалында жүк контейнері жарылды.
Төтенше оқиғаға қатысты «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметі ресми хабарлама таратты.
— 2025 жылдың 14 ақпаны сағат 00:30–да Астана стансасындағы сұрыптау жолында жүк контейнерінде дүмпу болды. Бұрын контейнерде жүк — электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп жазылған ақпаратта.
Ізін суытпай Астанадағы контейнер жарылысына байланысты қылмыстық іс қозғалды.