Елордада «Контрафакт» іс -шаралары барысында лицензияланбаған 6000-ға жуық DVD дискілері тәркіленді

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық полицейлердің «Контрафакт» жедел алдын алу іс -шаралары барысында лицензияланбаған 6000-ға жуық DVD дискілері тәркіленді. Бұл ақпаратты Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Елордада «Контрафакт»  іс -шаралары барысында лицензияланбаған 6000-ға жуық  DVD дискілері тәркіленді

Департаменттің таратқан ақпаратына сәйкес, бүгін контрафактілік өнімдердің ірі партиясы, яғни 800-ден астам DVD диск алынған. Елордаға әкелінетін аталған өнімдер негізінен Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен тасымалданып отыр.

«Астанада контрафактілік аудио және бейне өнімдер негізінен орталық базарда, «Орбита» сауда үйі, «Встреча» дүкені және «Жұлдыз» супермаркеті маңында сатылып келген», деп атап өтілген баспасөз хабарламасында.