Елордада контрафактілік тауар айналымы мәселесіне арналған форум өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында «Антиконтрафакт» IX халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Антиконтрафакт» халықаралық форумында интеллектуалды меншік пен заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстан бұл форумды екінші рет өткізіп отыр. Оған ғалымдар, авторлар, кәсіпкерлер, құқық иелері және интеллектуалды меншікті пайдаланушылар қатысты. Контрафактінің үкіметке де, бизнеске де, қоғамға да тигізетін салдары бәрімізге белгілі. Заңсыз тауар айналымы оның сапасы мен қауіпсіздігіне және одан түсетін салықтың көлеміне кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ, контрафактілік өнім айналымы адал бәсекелестіктің жолын кесіп отыр», - деді «Kazpatent» директоры Ербол Оспанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, аталған форум елордада үш күні бойы өткен. Және оған ЕАЭО-ға мүше елдер қатысты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанға 30 млрд-тан астам теңгенің контрафактілік өнімі әкелінген.

Сондай-ақ, Е. Оспанов елімізде контрафактілік өнім саласында 77 млн теңгеге заң бұзушылық анықталғанын айтты.



Соңғы жаңалықтар