Елордада көп балалы аналардың қатары артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі Бекбол Сағын көп балалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» медальдерін табыс етті. Елордада тұрып жатқан 10 ана осы марапатқа ие болды. Аудан әкімі көп балалы аналарды салтанатты түрде құттықтап, ізгі тілектерін жолдады, хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

«Алматы» ауданы әкімі аппаратының хабарлауынша, ауданда жылдан-жылға көп балалы аналардың саны өсіп келеді. Яғни, 2013 жылы 64 анаға награда берілсе, оның ішінде 23 «Алтын алқа» (7 баладан астам) және 41 «Күміс алқа» (6 бала) көп балалы аналардың саны жылдан-жылға өсуде. Ал, 2014 жылы 68 ана марапатталды, оның ішінде 20 «Алтын алқа» және 48 «Күміс алқа» иегерлері. Атап өту керек, Астана қаласы «Алматы» ауданында жыл басынан бері 44 көпбалалы аналар марапатталған болатын. 16 ана «Алтын алқа» және 21 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Соңғы жаңалықтар