19:52, 08 Мамыр 2025 | GMT +5
Елордада көп қабатты үйден өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Қазір тілсіз жау ауыздықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

— Сарыарқа ауданы Абай көшесінің бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің 20-қабатындағы балкон өртенді. Өрт сөндірушілердің кәсіби және жедел әрекетінің арқасында өрт сөндірілді, — дейді ведомстводан.
Таңертең Астанадағы «Шапағат» базарынан өрт шыққан еді. Артынша базардағы өртке байланысты жедел штаб құрылды.
Одан бөлек, таяуда елордада пластик қалдықтары сақталған қойма өртенген еді. Сондай-ақ елордада екі жүк көлігі соқтығысып, жанып кетті.