Елордада көпқабатты ғимараттардағы энергия үнемділігін арттыруға арналған жоба іске асады
АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін Астанада көпқабатты ғимараттардағы энергия тиімділігін арттыруға арналған жобаның таныстырылымы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жобаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы және Кіші гранттар бағдарламасы жүзеге асыруда.Мамандардың пікірінше, дағдарыс жағдайында энергия үнемдеуші технологияларды енгізу қоғам үшін де, оның тұтынушылары үшін де барынша тиімді. Өндірілген жылу энергиясын 20-30 пайызға дейін үнемдеуге, сәйкесінше қаржының шығынын азайтуға мүмкіндік туады.Сонымен қатар, елдегі әлеуметтік және экологиялық проблемалардың шешілуіне оң ықпал етеді. Аталмыш технологиялар көптеп іске қосылатын болса, энергия үнемдеу саласындағы кәсіпкерліктің жандануы негізінде жаңа жұмыс орындарын ашудың мүмкіндігі туады.Елордада Кіші гранттар бағдарламасы ілкі режимде екі ПИК тұрғын үйлеріне энергия тиімділігін арттыруға гранттар берген. Тағы бір ПИК өзіне қарасты тұрғын үйлерде энергияны үнемдеуге қаржы алады.