09:11, 05 Шілде 2013 | GMT +5
Елордада көпқабатты үйдің жертөлесінде газ жарылып, 100 адам қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Кеше сағат 05.55-те Астана қаласында Ш.Құдайбердіұлы көшесінің бойында орналасқан тоғыз қабатты үйдің жертөлесінде газ-ауа қоспасы жарылды.
ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, өрт болған жоқ. Соққы толқынымен 6 терезе мен 4 есіктің жақтаулары қираты. Үйдің маңында тұрған 4 темір тұлпар жартылай зақымдалды. 100 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Төтенше оқиғадан кейін өзін нашар сезінген 55 жастағы ер адам «103» қызметіне хабарласып, ол медициналық көмектен кейін үйіне қайтарылды. Төтенше жағдай салдарын жоюға: ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 18 маманы мен 4 техникасы, ҚР ТЖМ «Орталық өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағы» ММ 4 қызметкері мен бір техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 маманы мен бір техникасы тартылды.