Елордада Қордай көшесінде көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2-4 тамыз күндері Қордай көшесі мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы тоқтатылады.
Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында. Аталған көшелерді жөндеу жұмыстары №12 көшеден Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде №14 көшені салу жобасы аясында жүргізіледі. Атап айтқанда, Қордай көшесінде нөсерлік және тұрмыстық канализацияларды салу бойынша жол-құрылыс жұмыстары қолға алынбақ.