Елордада көрермендер үшін спорт апталығы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Мега орталығында Астана қаласының спорт басқармасы мен «Жігер» спорт клубының мұрындық болуымен спорт мерекесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Елордада көрермендер үшін спорт апталығы өтті

Спорт апталығы шеңберіндегі шарада бірнеше спорт түрі бойынша, атап айтсақ ұлттық ойын - асық ату, ауыр атлетика, гір тасын көтеру, қол күресі, каратэ, таеквондо бойынша көреремендер арасында жарыс өткізілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты - халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық спорт түрлерін көпшілікке таныстыру және жалпы адамдардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спортттық сайыстарға көрермендер белсенді қатысып, өздерінің бағы мен бабын сынады. Сондай-ақ «Жігер» спорт клубының белді спортшыларының шеберлік сыныптары да өткізілді.