Елордада коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызынан омикрон табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада омикрон штамы өршіп тұр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аурудың өршуіне байланысты жыл басында науқастардан алынған 51 ПТР-дің оң сынамасына секвенирлеу жүргізілді. Нәтижесінде омикрон штамы коронавируспен ауырған елордалықтардың 70,6 пайызынан, ал дельта штамы 29,4 пайызынан табылды. Осылайша, елордада омикрон штамының айналымы басымдыққа ие. Бірақ, дельта штаммы кезінде аурудың өте ауыр формада өтетінін, өлім-жітім көрсеткіші жоғары екендігін естен шығармау қажет», - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде ұйымдастырылған брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, коронавируспен ауырғандарды барынша анықтау мақсатында қалада 24 зертхана жұмыс істеп тұр.

Олар күн сайын 5 мыңнан 11 мыңға дейін ПТР-тесті жасалады.

Жалпы, жыл басынан бері елордада 295 844 зерттеу жүргізіліп, 84 310 науқас анықталды.

«Қалада аурудың төмендеуі ең алдымен халықтың ұжымдық иммунитетке жақындауына байланысты. Яғни, вакцина алған тұрғындардың, ауырып жазылғандардың үлесі ұлғайды. Елордада қазіргі уақытта вакцинаның 1-компонентін салдырғандар саны - 503 967, екінші компоннент - 471 619 адам. Оның ішінде 73 885 адам ревакцина алды», -деді бас санитар дәрігер.


Соңғы жаңалықтар