Елордада коронавируспен ауырғандар саны өсіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Елордада КВИ бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. Коронавируспен ауырғандардың саны бірнеше есе өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада коронавируспен ауырғандар саны өсіп жатыр

«Бүгінгі таңда КВИ инфекциялық стационарларында бізде 425 пациент емделуде. Төсек жүктемесі 70 пайыздан асады. Жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны да артуда. Реанимациялық төсектердің жүктемесі 32,5 пазы. ӨЖЖ аппаратына қосылған 6 пациент өмір үшін күресуде», - қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Нұр-Сұлтанда КВИ-мен күресу үшін ковидтік орталықтарға 7 қалалық стационар жұмылдырылды.

«Бұл жағдай эпидемиологиялық жағдайдың жақсы емес екенін, егер сіз санитарлық нормаларды ескермесеңіз, коронавируспен ауырудың үлкен қаупі бар екенін көрсетеді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және ТЖ режиміне байланысты біз, дәрігерлер ретінде, сіздерден адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды, бір-біріңізге қонаққа бармауды сұраймыз. Мұның бәрі эпидемиологиялық жағдайға оң әсер етуі мүмкін. Қазір бүкіл халықтың әл-ауқаты мен денсаулығы туралы ойлау маңызды!»,- деді қаланың бас дәрігері.