Елордада көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жасалады
«Ол үшін азаматтар бізге нашар қызмет туралы ақпараттарды жіберіп отыруы керек. Осы арқылы біз халық пен мемлекеттік қызмет көрсететін орган арасында кері байланыстың тәуелсіз көпірін құрамыз. Екіншіден, біз халыққа тәжірибелі мамандармен бірге бұл қызметтерге мониторинг жасауға белсенді араласуға шақырамыз», - дейді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қозғалыс лидері Данат Жумин.
«I-Azamat» 1 тамызда басталады. Дегенмен, қазірден бастап [email protected] поштасы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында орын алған құқықбұзу фактілері туралы хабардар етуге болады. Сонымен қатар, қыркүйек айында азаматтық мониторинг жүргізудің негізгі қағидаттарын үйрету мақсатында тренингтер өткізіледі. Ол тренингке кез келген азамат қатыса алады.