11:52, 23 Қаңтар 2020 | GMT +5
Елордада көшелерін қардан тазартуға мыңнан аса техника жұмылдырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына мыңнан аса техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![None None](/static/img/plug.webp)
«22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1053 техника бірлігі мен 211 жұмысшы жұмылдырылды. 23 қаңтарда күні қар тазалау жұмыстарын 1127 техника мен 1700 жол жұмысшы жүргізіп жатыр», - деді қала әкімдігінен.
22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні қалада 27485 текше метр қар шығарылды ( 2290 рейс).