Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елордада көшені басқан су астынан көліктердің мемлекеттік нөмірлері шығып жатыр - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көшелерді басқан жаңбыр суының астынан көліктердің нөмірлері шығып жатыр.

Елордада көшені басқан су астынан көліктердің мемлекеттік нөмірлері шығып жатыр - ФОТО

Нақтырақ айтсақ, ‎Владислав Воднев есімді азамат өзінің Фейсбуктегі парақшасында Орынбор көшесінде жол жиегіндегі белгіге ілініп тұрған көліктердің мемлекеттік нөмірлерінің суреттерін жариялады.

17 шілдеде нөсер жаңбырдан қала көшелерінде, әсіресе сол жағалауда су жиналып, қозғалысқа кедергі келтірген болатын. Бұл мемлекеттік нөмірлер, шамамен,  сол кезде түсіп қалған.