Елордада көші-қон полициясының құжаттарын қолдан жасаған алаяқ қолға түсті
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Кеше кешкісін елордада көші-қон полициясының құжаттарын қолдан жасаған әккі алаяқ қолға түсті.
Күдікті бір азаматқа жалған құжатты 15 000 теңгеге саудалап жатқан жерінен Астана қалалық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерінің құрығына ілінді.
Астана қалалық ішкі істер департаменті тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораздың айтуынша, қазіргі уақытта бұл азаматтың 1994-2001 жылдары аралығында ішкі істер органдарында қызмет жасағаны анықталып отыр. Осы іс бойынша күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексі 177 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалуда.
Аталған қылмыстық істің егжей-тегжейі сейсенбі, қыркүйектің 29-ында өтетін баспасөз мәлихатында айтылады.