Елордада Қошқарбаев көшесіндегі жол айырығы жабылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Р. Қошқарбаев – Әл-Фараби қиылысында көлік қозғалысы 4-7 қыркүйек аралығында толығымен жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Р. Қошқарбаев пен Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында жол айрығындағы көпірде жол орташа жөнделіп жатыр. Осыған байланысты 4-7 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Көлік жүргізушілері кептелісте тұрып қалмауы үшін баратын бағытын алдын-ала жоспарлауы керек.
«Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністік танытуды сұраймыз», - делінген қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.